"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ ЕҢБЕКШІЛДЕР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ " ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ЕНБЕКШИЛЬДЕРСКОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбекшілдер орта мектебінің 9-11 сыныптар аралығында профориентациялық жұмыстың есебі

Еңбекшілдер орта мектебінің 9-11 сыныптар аралығында профориентациялық жұмыстың есебі

Бүгін, яғни 4 мамыр күні Еңбекшілдер орта мектебінде 9-11 сыныптар арасында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті туралы профориентациялық жұмыс атқарылды. 9 сыныпта 12 оқушы, 11 сыныпта 6 оқушы бар. Оқушыларды университет туралы ақпаратпен таныстырылып, болашақта сол университеттің бір мамандық иесі болуына насихат жүргіздік. Университет туралы шағын видео ролик көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жасалды.  Университеттегі факультеттер мен мамандықтар, 250 орынға шақталған студенттер, үйі жайлы бөлмелердің болуы, қауіпсіздік жүйесі, медициналық қызмет көрсету, тынығуды ұйымдастыру, жайлы тұрмыстық жағдай, №2 студенттер үйінің құрылысы бойынша ақпарат берілді.

Сол сияқты, Абай Мырзахметов атындағы әскери кафедрасының жұмысы туралы айтылды. 2015-2016 жылдарға сәйкес, штаттық саны 18 адамды құрайды, соның ішінде: профессорлық-оқытушылық құрамы-10 әскери қызметшілер; инженерлік-техникалық персонал-4 әскери қызметшілер; оқу-көмекші персонал- 4 ҚР ҚҚ қызметкерлері жұмыс атқаратыны жайлы мәлімет берілді..  Әскери кафедраның аудиториялық қоры жаңа оқу жиһазымен қамтамасыз етілген, 21 оқу аудиторияларды құрайды.

Оқушылар университет туралы көптеген сұрақтар қойылып, өздеріне қажетті мағлұматтарды алды. Университетте икемді жеңілдік жүйесі бар, оқу ақысы үшін шарт жасасқанда жеке тәсіл, студенттер мен магистранттар мемлекеттік грант бойынша білім алады. Үздік студенттер Ақмола облысының әкімінің стипендиясын алады, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев атындағы сыйлық, Абай Мырзахметов атындағы стипендия, КУАМ президенті, А.К. Қазбеков.

Біздің түлектер болашақта жақсы мамандық иесі болуға тілектеспіз.

@ZaUlEm+B1983

 

Жаңартылған күні: 06.05.2020 09:17
Құрылған күні: 06.05.2020 11:11

Текст