Текст
06.02.2024
06.02.2024ж күні мектеп Парламенті бастауыш сынып оқушыларының минутқа оқу жылдамдығын тексерген болатын. Оқушыларымыз жақсы көрсеткіш көрсетті. Көбі міндетті деңгейде оқыса,кейбіреуі міндетті деңгейден жоғары оқыды. Содан соң 2 “Б” сыныбымен ойын ойнатылды.
02.02.2024
"ДОСБОЛLIKE: достық қолын ұсын" акциясы аясында бастауыш сынып оқушыларымен "Түстер кеші" ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып, түрлі ойындар ойнады. Мақсаты: Оқушылар және мұғалімдер арасында жақсы қарым-қатынас, жақсы көңіл-күй сыйлау.
02.02.2024
Белгілі қазақ жазушысы Сәкен Жүнісов жан-жақты, парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан тұлға. Асқан таланты үшін қазақ зиялылары оны Сәкен сері деп атаған. Ол карикатуралар салған, домбыра, пианино, мандолин аспаптарында ойнап, ән айтқан. Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығына орай 5-6 сынып оқушылары ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырылды.
02.02.2024
Оқушылармен "Жерсілкінісі кезінде не істеу керек?" тақырыбында түсіндірме әңгімелері жүргізілді.
30.01.2024
Мектебіміздің 6 "А" сынып ұлдары ауылымыздың тұрғыны, мүгедек-бала Амирханның ауласын қардан тазартып көмек көрсетті. Игі істер мен жақсылық жасауды ұмытпайық!
30.01.2024
Аудандық "Мен-экоблогер" сайысында мектебіміздің 4 "А" сынып оқушылары 2 орынды иеленді. "Экомультфильм" номинациясы бойынша 4 "А" сынып оқушысы Хаймулдинов Айдархан 1 орынды иеленіп. Облыстық кезеңге өтіп, облыстан 2 орын алды.
26.01.2024
«Еңбекшілдер ауылының ЖОББМ»КММ педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысын талдау.
2022-2023 оқу жылы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде мектеп-гимназия бойынша педагогикалық әдеп жөніндегі...
26.01.2024
"ДОСБОЛLIKE" акциясы
03.11.2023
Балалардың қауіпті ойын-сауықтары
https://disk.yandex.kz/i/L4Y8J_IsMjyHww
https://disk.yandex.ru/i/73lATolZ24FjKA
26.09.2023
“Еңбекшілдер ауылының ЖОББМ” мектебінің 26.09.2023 күні балалардың асханадан тамақтануы.